Лизинг көктемгі егіс науқанында аграршыларға қаржылық тұрақтылықты сақтауға қалай көмектеседі

Көктем – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жай ғана маусымның басталуы емес, сонымен қатар ең жоғары қаржылық жүктеме кезеңі. Дәл осы уақытта аграршылар тұқым, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдары мен жанар-жағармай сатып алып, техниканы егіс алқаптарына дайындайды. Кез келген кешігу немесе ресурстардың жетіспеушілігі болашақ өнімге тікелей әсер етуі мүмкін.

Осындай жағдайда лизинг аграрлық бизнесті қолдаудың маңызды құралдарының біріне айналып отыр.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді заманауи техника мен жабдықтарды сатып алуға қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз етуді жалғастыруда. Бүгінде компания Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін техникалық жаңғыртудың негізгі институттарының бірі болып саналады.омпания қызмет еткен жылдар ішінде 102 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары қаржыландырылып, агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция көлемі 2 трлн теңгеден асты.

Егіс науқаны кезеңіндегі лизингтің басты артықшылығы — шығындарды ұзақ мерзімге бөліп төлеу мүмкіндігі және айналым қаражатын бір мезетте көп көлемде шығармау. Соның арқасында фермерлер қаржылық тұрақтылықты сақтап, қаражатты маусымдық дала жұмыстарын жүргізуге және техника паркін жаңартуға бағыттай алады.

Заманауи техника аграршыларға егіс жұмыстарын уақытылы жүргізуге, тоқтап қалу тәуекелдерін азайтуға және шаруашылық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе әр күн болашақ өнім сапасына әсер ететін шектеулі агротехникалық мерзімдер жағдайында аса маңызды.

Қазіргі таңда «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген шарттармен қаржыландыру бағдарламаларын іске асыруда. Атап айтқанда, аграршыларға техника санатына байланысты 7–10 жылға дейінгі мерзіммен жылдық 5%-дан басталатын мөлшерлемемен лизинг бағдарламалары қолжетімді.

Компанияның цифрлық сервистерді дамытуы да қосымша артықшылықтардың бірі болып табылады. Бүгінде аграршылар қаржыландыруға өтінімді онлайн форматта бере алады, бұл әсіресе маусымдық қарбалас кезеңде өте ыңғайлы.

2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық аграршылар «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жалпы сомасы 268,9 млрд теңгені құрайтын 10 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Бұл соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіштердің бірі болды.

2026 жылы компания ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыруға кемінде 310 млрд теңге бағыттап, аграршыларға шамамен 13 мың бірлік заманауи техника жеткізуді жоспарлап отыр.

Бүгінде лизинг ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін тек техника сатып алу құралы ғана емес, сонымен қатар бизнестің тұрақтылығын сақтауға, маусымдық жұмыстарды тиімді жүргізуге және шаруашылықтың әрі қарай дамуын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Тізімге оралу
chat-bgov

Кеңес ал!

Call-центр

Қоңырауға тапсырыс беру