«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Қазақстанда жасалған» жеңілдікті лизинг бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдаудың қайта басталғанын хабарлайды

«ҚазАгроҚаржы» АҚ отандық өндірістегі/құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасы мен көлік құралдарын жеңілдікті лизингке беру бойынша «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы аясында өтінімдер қабылдаудың 2026 жылғы 25 мамыр күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап қайта басталатынын хабарлайды.

Бағдарламаның мақсаты — ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді отандық өндірістегі/құрастырылған заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен қолжетімді және жеңілдікті қаржыландыру шарттары негізінде қамтамасыз ету.

Бағдарлама аясында фермерлер отандық өндірістегі/құрастырылған өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын келесі шарттармен қаржылық лизингке ала алады:

  • лизинг мерзімі — 10 жылға дейін;
  • сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 6%;
  • аванстық төлем — лизинг заты құнының кемінде 15%-ы.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді келесі тәсілдер арқылы беруге болады:

  • Telegram-бот арқылы кезекті брондау: https://t.me/kaz_agro_finance_bot;
  • «ҚазАгроҚаржы» АҚ ресми сайтында онлайн-өтінім беру: www.kaf.kz;
  • «ҚазАгроҚаржы» АҚ өңірлік филиалдарына жүгіну.

Қосымша ақпаратты компанияның ресми сайтынан алуға болады: www.kaf.kz.

Тізімге оралу
chat-bgov

Кеңес ал!

Call-центр

Қоңырауға тапсырыс беру