15 мамыр 2026 ж. Қазақстанда KAZLEASING–2026 «Лизинг трансформациясы: бизнеске арналған жаңа мүмкіндіктер» конференциясы өтті
15 мамыр 2026 ж. Қазақстанда KAZLEASING–2026 «Лизинг трансформациясы: бизнеске арналған жаңа мүмкіндіктер» конференциясы өтті. Іс-шара лизинг нарығын дамыту мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдар, қаржы секторы, бизнес және ІТ-қоғамдастық өкілдерін бір алаңға біріктірді.
Конференция жұмысына «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев қатысып, «Лизинг экожүйесі: мониторинг және әкімшілендіру» сессиясында баяндама жасады.
Өз сөзінде ол «ҚазАгроҚаржы» АҚ агроөнеркәсіп кешенін қаржылай қолдау және ауыл шаруашылығы өндірісін жаңғырту арқылы мемлекеттік аграрлық саясаттың міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті.
Конференция барысында қатысушылар цифрландыру, процестерді автоматтандыру, ESG-шешімдерді енгізу және лизинг нарығындағы өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін дамыту мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша саланы одан әрі дамыту мен серіктестікті нығайтудың Қазақстан экономикасының тұрақты өсуі үшін маңызы ерекше екені атап өтілді.