1. Субсидиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі, оған қоса жылдық 7,5%-дың жиынтық өрнегі ретінде есептелген номиналды сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын несиелік шарттары бойынша жүзеге асырылады:
- Басымды ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал-жабдықтарын сатып алуды көздейтін қаржы шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесінен 6% (СМАЖ-гі агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласында уәкілетті органмен орналастырылатын басым ауыл шаруашылығы машиналары мен құрал-жабдықтарының тізбесі).
- Қалған қаржыландыру шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесінен 15%,
- Номиналды сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігі мемлекеттік бюджеттен субсидияланады.
2. Субсидияларды есептеу жүзеге асырылады:
- ұсыныс берілген жылдың 1 қаңтарынан бастап – ұсыныс берілген күнге қолданыстағы және ұсыныс берілгенге дейін 4 (төрт) жылдан ерте емес жасалған қарыз шарттары бойынша;
- кредит берілген немесе лизинг нысанасы берілген сәттен бастап – субсидиялауға ұсыныс берілген жылы жасалған қарыз шарттары бойынша.
3. Нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда), өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыру, көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу болып табылатындығы.
4. Ұсыныс берілгенге дейін 4 жылдан ерте емес жасалған қолданыстағы қарыз шарттары субсидиялауға жатады.
5. «e-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі» ақпараттық жүйесінің «Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу» кіші жүйесінде жаңа, бұрын пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығы және тіркелген ауыл шаруашылығы техникасы субсидиялануы тиіс.
6. Сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалары бойынша субсидияланбайды.
7. Қарызды/лизингті қаржыландыру көзі мемлекеттік бюджеттің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты болып табылмайды.
8. Жұмыс органына ұсыныс берілетін күнге негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелері болмауы тиіс.
9. Қарыз шарты өтінім
берген сәтте жарамды (бұзылмаған және тоқтатылмаған) болып табылатындығы.