8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

КРЕДИТТЕР БОЙЫНША, СОНДАЙ-АҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЛИЗИНГІ БОЙЫНША СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІН СУБСИДИЯЛАУ

       Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Субсидиялау шарттары:

1.     Субсидиялау жылдық 17%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен кредиттік шарттар бойынша жүзеге асырылады, оның бір бөлігін мемлекет субсидиялайды, ал қалған бөлігін қарыз алушы төлейді.
2.     Субсидиялар мөлшері – 10% - ауыл шаруашылығы техникасын, ауыл шаруашылығы жануарларын, негізгі құралдарды сатып алуға (қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі - жылдық 4%-дан кем емес), 5% - айналым қаражатын толықтыруға (қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі - жылдық 7%-дан кем емес).
3.    Комиссия мақұлдаған шарт бойынша субсидияларды есептеу жұмысы өтінім мақұлданған күннен бастап, қарыз шартының қолданылу мерзімінің соңына дейін жүзеге асырылады.
4.     Нысаналы мақсаты негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс, айналым қаражатын толықтыру, ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға кредит/лизинг болып табылады.
5.     Субсидиялауға өтінім берілгенге дейін 4 жылдан ерте емес жасалған қолданыстағы қарыз шарттары субсидиялауға жатады.
6.     Жаңа, бұрын пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдық субсидиялауға жатады. Субсидиялау қайтарымды лизинг, қосалқы лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.
7.     Сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалары бойынша субсидияланбауы тиіс.
8.     Қарызды/лизингті қаржыландыру көзі Бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты болып табылмауы тиіс.
9.     Жұмыс органына өтінім берілетін күнге негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелері болмауы тиіс.

Субсидиялау кезеңдері:

1. Ұсынысты қарыз алушы береді және өтеу кестесімен қарыз шартының көшірмесін қоса бере отырып, оны қаржыландырған Қаржы институты растайды;

2. Жұмыс органы ұсынысты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады:

1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне ұсынысты тіркеуді;

2) ұсыныстың осы Қағидалармен белгіленген субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеруді, соның ішінде қарыз шартының осы Қағидаларға қоса тіркелген 2-ші қосымшада белгіленген қарыз шартына қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруді;

3) ұсыныс бойынша шешім қабылдауды және бұл туралы қарыз алушыны және қаржы институтын хабардар етуді.

3. Субсидиялау шарты жұмыс органының шешімі негізінде, қарыз алушы, қаржы институты ұсыныс бойынша оң шешім туралы жұмыс органының хабарламасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушы, қаржы институты мен жұмыс органы арасында жасалады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы 436 бұйрығымен бекітілген кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидалары


Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау

      Инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялаудың негізгі мақсаты капиталды көп қажет етуді төмендету және салынған инвестициялардың өзін-өзі ақтауын арттыру жолымен АӨК-нің басым бағыттарында (секторларында) инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Субсидиялау шарттары:

1. Электрондық өтінім берілген жылға дейін екі жылдан ерте емес пайдалануға берілген инвестициялық жобалар субсидиялауға жатады.

2. Мынадай техника және (немесе) жабдық субсидиялауға жатады:

1)    инвестициялық жоба пайдалануға берілетін күнге дейін 24 (жиырма төрт) айдан ерте емес сатып алынған;

2)    инвестициялық жоба пайдалануға берілетін күнге дейін 36 (отыз алты) айдан ерте емес жасалған.

Егер жобалардың паспорттары бойынша тек жабдықты және/немесе техниканы сатып алу ғана көзделсе, онда өтінім берілетін жылға дейін үш жылдан ерте емес жасалған, екі жылдан ерте емес сатып алынған жабдық және (немесе) техника субсидиялауға жатады.

3. Инвестициялық субсидияларды есептеу іс жүзінде салынған инвестициялар бойынша жүзеге асырылады. Шығындарды өтеу пайызы жобалардың паспорттарында көзделген өтеу үлесіне сәйкес белгіленеді.

4. Инвестициялық субсидиялар сомасын жұмыс органы инвестордың есеп шотына немесе инвестордың келісімімен инвестордың негізгі борышын өтеу есебіне қаржы институтына аударады.


Инвестициялық субсидиялау кезеңдері:


1. Инвестор Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларының 23-тармағымен көзделген құжаттарды қоса тіркей отырып, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінім береді.
2. Жұмыс органы құжаттарды қарап, субсидиялау туралы шешім қабылдайды.

3. Өтінімді қарау нәтижелері туралы мәліметтер инвестордың жеке кабинетіне жіберіледі және веб-порталда көрсетіледі.

4. Одан әрі Жұмыс органы оң шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Жұмыс органы мен Инвестордың арасында инвестициялық субсидиялау шарты және Сатып алынатын жабдықты, техниканы мақсатты пайдалану және иеліктен шығармау туралы келісім жасалады.
5. Жұмыс органы субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін, субсидияларды аударады.

Инвестор жабдықты/техниканы кредитке/лизингке сатып алуды жоспарлаған жағдайда, инвестициялық субсидияларды аванстық төлеммен қаржы институтына арнайы шотқа аударуға жол беріледі.

                                                                        Аванстық төлеммен инвестициялық субсидиялау кезеңдері:

1. Инвестор арнайы шотқа инвестициялық субсидия алу үшін, Қаржы институтының Кредит Комитетінің хатшысымен расталған «PDF (Portable Document Format)» электрондық форматындағы үзіндінің көшірмесін (қол қойылған және қаржы институтының мөрімен расталған қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесін) қоса бере отырып, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінім береді.

2. Жұмыс органы құжаттарды қарап, субсидиялау туралы шешім қабылдайды.

3. Жұмыс органының оң шешімі алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Жұмыс органы, Қаржы институты мен Инвестордың арасында үшжақты шарт және қаржы институтының арнайы шоттағы инвестициялық субсидияларды пайдаланбауы туралы келісім жасалады.   

4. Жұмыс органы инвестициялық субсидияларды Қаржы институтының арнайы шотына аударады.

5. Қаржы институты қаржы лизингі шартын жасасады және лизинг нысанасы табысталғаннан кейін, инвестициялық субсидиялар қаржы лизингі шарты бойынша негізгі борышты өтеу есебіне есептен шығарылады.

Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары

;