8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Жаналықтар

                                                                                                

25.10.2017

  ҚҰРМЕТТІ ФЕРМЕР!

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Қазақстанның барлық фермерлерін «Ашық есік күніне» шақырады. Іс-шараның барысында отандық фермерлер бизнесті ықтималды кооперациялау мақсатында, еліміздің әртүрлі аймақтарынан келетін әріптестерімен танысатын болады. Бірыңғай ақпараттық алаңның барысында қатысушылар агроөнеркәсіптік секторды дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқыға салып, отандық машина жасау өндірісінің жетекші өкілдерімен кездесе алады, сондай-ақ Ашық есік күні шеңберінде фермерлер «ҚазАгроҚаржы» АҚ өнімдері туралы толық ақпарат алатын болады.

 

БІЗГЕ КЕЛУДІҢ 5 СЕБЕБІ:

 

1. Ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша және өзге де мәселелер бойынша жан-жақты кеңес алу!

2. Тікелей «ҚазАгроҚаржы» АҚ басшылығына сұрақтар қою!

3. «ҚазАгроҚаржы» АҚ бірыңғай ақпараттық алаңында еліміздің аграрлық секторын дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау!

4. Лизинг шарттарын жақсарту жөнінде өз ұсыныстарын ұсыну!

5.  Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне және Ұлттық валюта күніне орай естелік сыйлықтар алу мүмкіндігі!

 

Қосымша ақпаратты Сіз мына телефондар бойынша: 8(7172) 55-73-40; 8/705/1000789

 

Өтетін күні: 2017 жылғы 17 қараша.

Іс-шараның басталуы: сағат 10.00.

Өтетін жері: Астана қ., Кенесары көшесі, 51.

 

  12.10.2017 ж.
  ҚҰРМЕТТІ ФЕРМЕР!

 

«ҚазАгроҚаржы» АҚ өзінің қолданыстағы және әлеуетті клиенттеріне консультациялық және ақпараттық тұрғыдан қолдау көрсету мақсатында, «Алматы облысының фермерлері үшін Ашық есік күнін» өткізбекші.

Өтетін күні: 2017 жылғы 28 қазанда

Өтетін уақыты: сағат 10:00 бастап 15:00 дейін

Өтетін жері: Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі 142, "Қайсар" БО, 4 қабат.

Біз әрқайсыңызды көруге қуаныштымыз және Сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беруге әзірміз.

Басшылық және клиенттермен жұмыс жөніндегі, техника сатып алу жөніндегі, лизингтік, кепілзаттық және құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі менеджерлер Сізге ауыл шаруашылығы мен арнаулы техниканы, технологиялық және қайта өңдеу жабдықтарын қаржыландыру, сондай-ақ арнайы лизинг бағдарламаларын іске асыру жөнінде кез келген мәселелер бойынша және Сізді қызықтыратын басқа да көптеген мәселелер бойынша кеңес беретін болады.

 

БІЗГЕ КЕЛУДІҢ 4 СЕБЕБІ:

·     АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫ МЕН ЖАБДЫҚ ЛИЗИНГІСІНІҢ СОҢҒЫ ШАРТТАРЫМЕН ТАНЫСУ

·     ТІКЕЛЕЙ «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ БАСШЫЛЫҒЫНА СҰРАҚТАР ҚОЮ

·     АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЛИЗИНГІ БОЙЫНША ЖӘНЕ ҚАЗАГРОҚАРЖЫДАН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ АЛУ ЖӨНІНДЕ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ КЕҢЕС АЛУ

·     ЛИЗИНГ ШАРТТАРЫН ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША ӨЗ ҰСЫНЫСТАРЫН БЕРУ

 

Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша 8(7172) 55-73-40; 8 (727)2 95 93 50 /51/52/53 немесе www.kaf.kz сайтынан ала аласыз.