8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» АҚ “AgriTek/FarmTek Astana2018” көрмесінде

«ҚазАгроҚаржы» АҚ “AgriTek/FarmTek Astana2018” көрмесінде 14.03.2018

«ҚазАгроҚаржы» АҚ іске асыратын өнімдері мен бағдарламалары “AgriTek/FarmTek Astana2018” көрмесінде ұсынылды. Бүгін Астанада 13-ші Халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі ашылды.

Көрмеде дүние жүзінің 16 елінен 200 аса компания өз өнімдерін көпшілікке ұсынды, олардың ішінде отандық және шетелдік өндірушілер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының жеткізушілері де бар.

Іс-шара қонақтары мен қатысушылары заманауи суару технологиялары мен тыңайтқыштар және өсімдіктерді қорғау заттары туралы, құс шаруашылығына, мал шаруашылығына керекті жабдықтар мен технологиялар туралы және ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын басқа да жаңартпалар туралы біле алатын болады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесінің ресми серіктесі болып табылады және оған жыл сайын қатысып отырады! Көрменің шеңберінде Қоғам мамандары барлық қатысушыларға кеңес беріп, отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қызықтырып жүрген сұрақтарға жауап беретін болады. 

 


Дата:  14.03.2018
Вернуться к списку
;