8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Жаңалытар

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Филиалдары жылы, Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының АӨК дамытуға 91,4 млрд. теңгеден астам қаржы инвестицияланды. 18 жыл қызмет атқарған уақыты ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалы осы аймақтың фермерлеріне құны 71 млрд. теңгеден асатын сомаға шамамен 5 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасын лизингке табыс етті. Бұл туралы «ҚазАгроҚаржы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Дмитрий Веремский мәлімдеді.

01.06.2018 08:49:00
«ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдары жылы, Алматы облысы

Алматы облысының АӨК дамытуға 21,4 млрд. теңге инвестицияланды. 18 жыл қызметі ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалы фермерлерге 2518 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын лизингке табыс етті және 868 астам шаруа қожалығын қаржыландырды. Бұл туралы Филиал директоры Ержан Устаев әңгімеледі. Сонымен қатар, ол өз сөзінде аймақта ІҚМ сапасын жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқаны жөнінде әңгімеледі.
15.05.2018 14:35:00
«ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдары жылы, Алматы қаласы
«ҚазАгроҚаржы» АҚ Алматы қ. бойынша филиалы 4 жыл ішінде аймақтың АӨК дамытуға 3,2 млрд. теңге қаржы инвестициялады. Бұл туралы филиал директоры Олжас Нишанбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, осы уақыттың ішінде аумақта отандық фермерлерге 453 бірліктен астам ауыл шаруашылығы техникасы мен арнаулы жабдықтар лизингке табыс етілген.
14.05.2018
КАФтың жаңа өнімдері барған сайын әйгілене түсуде

Жылдың басынан бастап республикада көктемгі-дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ аграршыларға 13,6 млрд. теңге сомасына 1000 бірліктен астам ауыл шаруашылығы техникасын лизингке табыс етті. Бүгінгі таңда «ҚазАгро» ұлттық холдингі құрылымындағы компаниямен 7,2 млрд. теңге сомасына 397 өтінім мақұлданған. Бұдан басқа, 6,2 млрд. теңге сомасына 303 өтінім қаралу үстінде.


11.05.2018 13:37:00
Бағалы қызметкер, Бақытжан Нағметов КАФта 12 жыл еңбек етеді
Бас инженер-механик Нағметов Бақытжан «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақтөбе облысындағы филиалында 12 жылдан бері еңбек етіп келеді. Өз ісінің тәжірибелі маманы, Бақытжан филиалдың инженерлік-техникалық сүйемелдеу жұмысын жүргізеді. Ол техниканы қабылдау, тиеу және түсіру жұмыстарына жауап береді, қажетті құжаттар пакетін рәсімдеумен және техниканы лизинг алушыларға табыстаумен айналысады. Бақытжан айтып кеткендей, жұмысында өзіне бәрінен де ұнайтыны – әртүрлі клиенттермен өзара әрекеттестікте жұмыс істеу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметінде оларға қажетті техниканы іздестіруде кеңес беру.
23.04.2018 15:46:00
Аванстық төлемсіз ауыл шаруашылығы техникасы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ адал ниетті клиенттері өздеріне қажетті ауыл шаруашылығы техникасын лизингке аванстық төлемсіз ала алады. Қоғам жаңа «Сенімді фермер» бағдарламасын іске қосты.

10.04.2018 15:30:00
ҚазАгроҚаржы АҚ Қазақстандағы лизингтік мүмкіндіктерді кеңейтті
«ҚазАгроҚаржы» АҚ адал ниетті клиенттері ауыл шаруашылығы техникасын лизингке аванстық төлем төлемей сатып алу мүмкіндігіне ие болмақшы. «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Сенімді фермер» атты жаңа бағдарламаны іске қосып отыр. Бұл бағдарламаның шеңберінде, Қоғамның клиенттері адал ниетті қарыз алушының критерийлеріне сай келуге тиісті. Осы критерийлерге сәйкес, Қоғамда клиенттің үздіксіз және сапалы кредиттік тарихы болуға, қарыз мерзімін ұзартуы, қайта құрылымдануы және Қоғамнан алынған қаражаттарды мақсатқа сай пайдаланбау фактілері болмауға тиісті.
03.04.2018 16:07:00
Ақтөбе облысының АӨК-не КАФ желісі бойынша 30,9 млрд. теңге қаржы инвестицияланған
2000 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы аймақтың АӨК дамытуға 30,9 млрд. теңге инвестициялады, жалпы сомасы 18,2 млрд. теңгеге 2470 астам бірлік техника мен жабдықты орналастырды. Бұл жөнінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақтөбе облысындағы филиалының директоры Айдар Прашев хабарлады.
03.04.2018 10:39:00
«ҚазАгроҚаржы» АҚ “AgriTek/FarmTek Astana2018” көрмесінде
«ҚазАгроҚаржы» АҚ іске асыратын өнімдері мен бағдарламалары “AgriTek/FarmTek Astana2018” көрмесінде ұсынылды. Бүгін Астанада 13-ші Халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі ашылды.
14.03.2018
«ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдары жылы, Қарағанды облысы
«ҚазАгроҚаржы» АҚ Қарағанды облысындағы филиалы 18 жыл қызмет атқарған уақыты ішінде 18,7 млрд. теңге сомасына 2760 бірлік техника сатып алуды және 530 аса шаруашылықты қаржыландырған. Бұл туралы Филиал директоры Данияр Тоғызбаев мәлімдеді.
05.03.2018 10:54:00