8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Инвесторларға

"ҚазАгроҚаржы" АҚ – бұл Қазақстанның АҚК дамытуға қолдау жасау мақсатында қызметін 15 жылдан артық уақыттан бері жүзеге асырып келе жатқан лизингтік компания. Бүгінгі таңда Қоғам 63% үлеске ие болған лизингтік қызметтер нарығында жетекші компания болып табылады. Қоғамның кредит қоржынында 4 мыңнан астам қарыз алушы бар. 

2000-2015 жылдар аралығындағы кезеңде ҚазАгроҚаржы АӨК дамытуға және қолдауға 2,4 млрд. АҚШ долларын жұмсады. Бұл ретте, осы қаражат көлемінің 59%-ы бюджет ақшасы, қалған қаржыландыру көздері меншікті өз қаражаты мен тартылған қарыздар болып табылады.

Небары 33 мыңнан астам бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдық сатып алуды қаржыландырдық, бұл елге әкелінген техниканың жалпы көлемінің 55% артығын құрайды. Сонымен бірге, Қоғамның кең аймақтық желісі әрі бүкіл Қазақстан бойынша 14 филиалы бар. 

ҚазАгроҚаржы әлемдік жетекші компания - Ernst & Young аудитінен өтеді, сондай-ақ  беделді агенттіктердің халықаралық рейтингтеріне ие. Жағымды қаржы нәтижелері мен қалыптасқан позитивті атағы ҚазАгроҚаржының Fitch Ratings сияқты беделді агенттіктің жоғары халықаралық рейтингтерін алуына мүмкіндік береді. 
2017 жылғы 02 мамырда «Fitch Ratings» халықаралық рейтингтік агенттігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді эмитент дефолтының рейтингін (ЭДР) ВВ+ деңгейінде расталды, болжамы "Тұрақты" деңгейден "Негативті" деңгейге өзгертілді.

Қазақстанның бүгінгі қоғамдық-саяси тұрақтылығы - еліміздегі қолайлы инвестициялық климаттың негізі.
Мынадай жағдайлар жасалған:
- жабдық, құрамдас бөлшектер, шикізат пен қосалқы бөлшектер әкелу кезінде кеден баждарын төлеуден босату (Ресейде аталмыш тауарларға арналған кеден мөлшерлемелері кедендік құнның 5%-нан  15% дейінгісін құрайды); 
- мемлекеттік заттай гранттар: жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшеуіш және реттеуші аспаптар мен қондырғылар, көлік құралдары; 
- инвестициялық стратегиялық жобалар үшін 7 жылға дейін салық жеңілдіктері (жер салығы 0%, мүлік салығы 0%);
- әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен аймақтардағы инвестициялық стратегиялық жобаларға арналған өнеркәсіптік жеңілдіктер. 

Аталмыш инвестициялық артықшылықтар, жылыжайлар құрылысын қоспағанда, ауыл шаруашылығының тек басым қызмет түрлеріндегі жобаларды іске асыру кезінде ғана беріледі. 

Оның үстіне, қол қойылған үш елдің – Қазақстан, Ресей мен Беларусияның Еуразиялық Экономикалық Одағын құру туралы шарт одақтың қатысушы елдерінің аумағында бажсыз сауданы қамтамасыз етеді, осылайша нарық шекарасын едәуір кеңейтеді.  Сонымен қатар, қазір біз еліміздің барлық аймақтарында орналасқан еркін экономикалық аймақтардың аумағында өндірістер құру мүмкіндігіне иеміз. ЕЭА маңызды ерекшеліктері жеңілдікпен салық салу, сондай-ақ бүкіл қажетті инфрақұрылыммен мемлекеттік қамтамасыз ету мүмкіндіктері болып табылады (жер телімдерін беру, коммуникациялар жүргізу және т.б.). 

«ҚазАгроҚаржы» АҚ өткен жылғы 8 млрд. теңге мөлшерінде 5-жылдық теңгелік облигацияларды шығару және орналастыру бойынша мәмілесін EMEA Finance «Еуропада, Таяу және Орта Шығыста әрі Африкада Облигациялардың Ұлттық Валютадағы Үздік Шығарылымы» санатында жеңімпаз деп таныған (“Best local currency bond in EMEA”).