Директорлар кеңесі комитеттерінің

Директорлар кеңесінің комитеттері

Қоғамның Директорлар кеңесінің жанынан 3 комитет құрылған, олардың құзыретіне стратегиялық жоспарлау, кадрлар мен сыйақылар бойынша, ішкі аудит, әлеуметтік мәселелерді, тәуекелдер бойынша мәселелерді қарау жатады. Директорлар кеңесінің комитеттері Директорлар кеңесінің құзыретіне кіретін анағұрлым маңызды мәселелерді терең де мұқият қарауға және қабылданған шешімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің ішкі аудит жөніндегі комитеті

Ішкі аудит жөніндегі комитеттің атқарымдарына қаржылық есептілік, сыртқы аудит, ішкі аудит, заңнаманы сақтау, есептілік және қызметті бағалау және т.б мәселелерді алдын ала қарап, Директорлар кеңесіне ұсыныстар беру кіреді.

Комитет мүшелері:

1) Орынбаев Ерлан Бақытұлы, тәуелсіз директор – комитет төрағасы;

2) Өтеулов Әліби Кеңесбайұлы, тәуелсіз директор – комитет мүшесі;

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау және тәуекелдер жөніндегі комитеті

Стратегиялық жоспарлау және тәуекелдер жөніндегі комитеттің атқарымдарына стратегиялық жоспарлау, инвестициялық және инновациялық қызмет, ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару, есептілік және қызметті бағалау, тағы да басқа мәселелерді алдын ала қарап, Директорлар кеңесіне ұсыныстар беру кіреді.

Комитет мүшелері:

1) Орынбаев Ерлан Бақытұлы, тәуелсіз директор – комитет төрағасы;

2) Өтеулов Әліби Кеңесбайұлы, тәуелсіз директор – комитет мүшесі;

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің әлеуметтік мәселелер, кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитеті

Әлеуметтік мәселелер, кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитеттің атқарымдарына біліктілік талаптары, кандидаттарды бағалау, сабақтастықты жоспарлау мәселелерін, қызметті бағалау, сыйақы жүйесі туралы және т.б. мәселелерді алдын ала қарап, Директорлар кеңесіне ұсыныстар беру кіреді.

Комитет мүшелері:

1) Өтеулов Әліби Кеңесбайұлы, тәуелсіз директор – комитет төрағасы;

2) Орынбаев Ерлан Бақытұлы, тәуелсіз директор – комитет мүшесі;