8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесі ДК мүшелерін іздестіру, іріктеу және сайлау тәртібі; ДК жаңадан сайланған мүшелерін лауазымға кірістіру тәртібі; ДК ЖА-мен және Қоғам Басқармасымен өзара әрекеттесу тәртібі; ДК мүшелерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері; ДК отырыстарын өткізуді ұйымдастыру тәртібі; ДК қызметін бағалау тәртібі; ДК мүшелеріне шығыс өтемақысын, сыйақылар төлеу тәртібі; ДК мүшелерінің біліктілігін арттыру және олардың сыртқы сарапшыны тарту тәртібі көрсетілген Директорлар кеңесі туралы ережеге сәйкес әрекет етеді. 


Директорлар кеңесінің қызметі кәсіпқойлық, парасаттылық, сақтық, адалдық және әділдік, сондай-ақ ЖА құқығын қорғау қағидаттарына негізделген. 


ДК функцияларының тиімді атқарылуына ықпал ету мақсатында, жанында мынадай Комитеттер жұмыс істейді: 
             - ішкі аудит жөніндегі; 
             - стратегиялық жоспарлау және тәуекелдер жөніндегі; 
             - әлеуметтік мәселелер, кадрлар және сыйақылар жөніндегі. 


Қазіргі уақытта Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы саны 6 адамнан тұрады, бұл ретте тәуелсіз директорлардың үлесі 50% тең, бұл Жалғыз акционердің мүддесін сақтау үшін Директорлар кеңесі құрамының теңгерімділігін қамтамасыз етеді және Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамын корпоративтік басқарудың озық тәжірибесінің талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.


Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің отырыстары тұрақты негізде өткізіледі. 2017 жылы Қоғамның Директорлар кеңесі 16 отырыс өткізді, оның 14 – көзбе-көз нысанда және 2 – сырттай нысанда өтті, бұл отырыстарда Қоғам қызметінің негізгі бағыттары бойынша мәселелер қаралып, шешімдер қабылданған. 


Директорлар кеңесінің мүшелері үшін 2017 жылы тренингтер өткізілген емес.