8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ҚАҒИДАТТАРЫ

Қоғамның корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, Қоғамның негізгі басқару органдарының – Қоғам Басқармасының, Директорлар кеңесінің және Жалғыз акционерінің арасындағы өзара қарым-қатынастар тиісті уәкілетті органдар арқылы бекітілген корпоративтік процедуралардың шеңберінде жүзеге асырылады. Корпоративтік басқарудың жалпыға ортақ қабылданған қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Қоғамда тәуелсіз директорлар институттары, ішкі аудит қызметі жұмыс істейді, Қоғамның Директорлар кеңесінің жанында комитеттер құрылған, корпоративтік хатшының жұмысы жөнге салынған.

Қағидаттар мен тәжірибе

Қоғам корпоративтік басқаруды Қоғам қызметінің тиімділігін арттыру, оның беделін нығайту және өзінің капитал тартуға жұмсайтын шығындарын азайту құралы ретінде қарастырады. Қоғам корпоративтік басқарудың тиісті жүйесін Қазақстан Республикасында заңның ұлықтылығын қамтамасыз етуге қосатын өз үлесі ретінде және қазіргі заманғы экономикадағы және  тұтастай алғанда қоғамдағы орнын анықтайтын фактор ретінде қарастырады.

Қоғамды корпоративтік басқару әділеттілік, шындық, жауапкершілік, ашықтық, кәсіпқойлық және құзыреттілік негіздерінде құрылады. Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы Қоғамның қызметінде барлық мүдделі тараптарының құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді болжайды және Қоғамның табысты қызметіне, соның ішінде оның құндылығының өсуіне, қаржылық тұрақтылығы мен пайдалылығын қолдауға  ықпал етеді.

Корпоративтік басқару қағидаттары Қоғамды басқаруға байланысты туындайтын қарым-қатынастарда сенім тудыруға бағытталған және Корпоративтік басқару кодексінің барлық ережелері мен ұсыныстарының негізі болып табылады. Кодекстің негізін құрайтын қағидаттар:

  1. Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты;

  2. Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасын тиімді басқару қағидаты;

  3. Қоғамның дербес қызметі қағидаты;

  4. Қоғамның қызметі туралы ақпараттың ашықтығы мен оны ашудың объективтілігі қағидаттары;

  5. Заңдылық пен этика қағидаттары;

  6. Мүдделі тараптардың алдындағы жауапкершілік қағидаты.

Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру

Жүргізілген диагностика ұсыныстарының орындалуын басшылыққа ала отырып, Қоғам корпоративтік басқару деңгейін арттыру үшін белсенді іс-қимылдар жүргізеді және іс-қимылдарды одан әрі де жүргізуді жоспарлап отыр. Мысалға, келесі жылы Қоғам 2016-2020 жылдар аралығындағы кезеңге корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітуді жоспарлап отыр.

Сапалы мониторинг жүргізу мақсатында, жоғарыда аталған жоспарды орындау, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясының түйінді қызмет көрсеткіштерінің бірі болып анықталатын болады және 2017 жылға қарай жоспарланған корпоративтік басқару деңгейі - 73,3%, 2018 жылға қарай 83,3% құрайтын болады.

Аталмыш іс-шара Қоғам қызметінің тиімділігін, сондай-ақ жобалы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді кедергісіз іске асыру үшін шешім қабылдау сапалығын арттыруға елеулі ықпалын тигізетін болады. Ең жақсы дүниежүзілік тәжірибелерге сәйкес, қызмет ашықтығы мен корпоративтік басқару, сыртқы және ішкі мақсатты аудитория тарапынан алдын ала сенім көрсету дәрежесін арттыруға мүмкіндік береді, ақыр соңында ұйым акцияларының пайдалылығына және құндылығына, Қоғамның кірістері мен имиджін бірге есепке алғанда, оң серпінге әсерін тигізеді.

Тұтас алғанда, Қоғамның жоспарланған корпоративтік басқару деңгейіне жетуі, ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейтін табысты компания болып шығуға мүмкіндік береді.

Диагностика

2015 жылы «ҚазАгро» холдингі ең жақсы халықаралық тәжірибеге сәйкес, алғаш рет Қоғамды корпоративтік басқару диагностикасын жүргізіп, нәтижесінде, дүниежүзілік стандарттарға 58,3 % сәйкес келу пайызымен корпоративтік басқару деңгейін анықтаған болатын.

Қоғамды корпоративтік басқаруға жүргізілген бағалауға сәйкес, Директорлар кеңестерінің тиімділігін арттыруға және тәуелсіз директорлардың атқаратын рөлін күшейтуге, сондай-ақ ішкі бақылау жүйесін жетілдіруге, тәуекелдерді басқаруға, стратегиялық және бюджеттік жоспарлауға деген қажеттілік айқындалған болатын.