Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

«ҚазАгроҚаржы» АҚ корпоративтік сайтына қош келдіңіз!

«ҚазАгроҚаржы» АҚ еліміздің қаржы алаңында қызметін атқарып келе жатқанына 18 жылдан асып та кетті. Осы уақыт ішінде компанияның және мемлекеттің қолдауымен 180 млрд. теңгеден артық сомаға 452 инвестжоба пайдалануға берілген, ал Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуға салған инвестиция көлемі 621,9 млрд. теңгеден асып түседі.

Бүкіл қызметі бойы Қоғам басшылығы мен оның қызметкерлері өз жұмыстарында ашықтық пен айқындықтың негізін қалаушы қағидаттарды ұстанып келеді. Бұл жұмыстың мақсаты «ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметінде максималды жариялықты қамтамасыз ету болып табылады.

Біріншіден, клиенттерге қатысты құқыққа қарсы әрекеттерді болдырмау үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың алдын алу үшін.

Сонымен қатар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты операцияларды жүргізуге Қоғам мен оның жұмыскерлерінің тартылуын болдырмау мақсатында, Қоғамда және оның филиалдарында ішкі бақылау жүйесі құрылған.

Осыған байланысты, Қоғам құрылымында Қазақстан Республикасы заңнамасының, ішкі және сыртқы ережелері мен процедураларының, бизнес жүргізудің негізгі моральдық-этикалық қағидаттарының және корпоративтік басқару жүйесінің сақталуын бақылайтын комплаенс жүйесі енгізілген. 

Құқыққа қарсы мінез-құлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды барынша азайту мақсатында, клиенттермен және қызметкерлермен кері байланыс жолға қойылған.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ мүддесі мен беделіне зиян келтіруі мүмкін Қоғам жұмыскерлерінің лайықсыз мінез-құлықтары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы 8 (7172) 580437 телефоны бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасының қабылдау бөлмесіне немесе mailbox@kaf.kz электрондық адресіне, 8 (7172) 556533 (ішкі 1600) телефоны бойынша Кадрлық және құжаттамалық қамсыздандыру бөліміне, Қауіпсіздік департаментінің s.zhaxylykov@kaf.kz электрондық поштасына хабарлауға болады, телефоны - 8 (7172) 557-338 ішкі 4602.  

Хабарлардың жасырындылығы көзделген.

Қолдағаныңыз үшін рахмет және өзіңізбен бірге ынтымақтастықта қызмет істеуге қашанда әзірміз!

Сіздің «ҚазАгроҚаржы» АҚ