8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Вакансиялар

"ҚазАгроҚаржы" АҚ бойынша 2019 жылғы 10 қантардағы айының бос жұмыс орындары туралы ақпарат
  • Комплаенс қызметінің комплаенс-менеджері лауазымына.
     
    Қызмет менеджеріне мынадай біліктілік талаптары қойылады:

    1)            біліміне қойылатын талаптар: бір немесе бірнеше бейінді салаларда жоғары білім – құқықтану, қаржы, экономика немесе бизнес-функциямен байланысты басқа да аралас бағыт;

    2)            лицензиялардың, сертификаттардың болуына қойылатын талаптар: комплаенс саласында сертификаттың болуы қажет;

    3)            жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: ірі холдинг компаниясында және/немесе аудиторлық компанияларда, қаржы институттарында (ішкі бақылау бөлімшелерін, тәуекел-менеджментін, заңгерлік сүйемелдеу бөлімшелерін қоса алғанда) кемінде 3 жыл.

    4) "Жауапкершіліктің негізгі салалары" бөлімінде аталған міндеттердің көпшілігін орындау тәжірибесі.

    Жауапкершіліктің негізгі салалары:

    1)         комплаенс-бақылауға қатысты әдіснаманы әзірлеу, Қоғамның комплаенс-тәуекелдеріне бағалау жүргізу және негізгі бизнес процестердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, сондай-ақ Қоғамға қатысты қолданылатын өзге де реттеушілік талаптарға ұшырағыштығына бағалау жүргізуді қамтамасыз ету және комплаенс-тәуекелдерді бағалау туралы есепті және оларды азайту бойынша іс-шаралар жоспарын дайындау;

    2)            сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптар мен ең үздік халықаралық тәжірибенің, сондай-ақ Қоғамға қатысты қолданылатын өзге де реттеушілік талаптардың тұрақты мониторингін жүргізу және реттеушілік орта өзгерген жағдайда Қоғам үшін салдарларды айқындау;

    3)            комплаенс-тәуекелдерге бағалау жүргізу, комплаенс бағыттарын қадағалау және бақылау, оның ішінде Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының (бар болса) негізгі бизнес процестерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және өзге де реттеушілік талаптарға ұшырағыштығына бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;

    4)            қажеттілігіне қарай комплаенс бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары мен оқытуды жүргізу;

    5)            Қоғамда бастамашылық ақпараттандыру желісін енгізуді қамтамасыз ету;

    6)            Қоғамның бизнес-процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендететін автоматтандырылған жүйелерді енгізу бойынша шараларды іске асыруды қамтамасыз ету;

    7)            кейіннен Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп ұсына отырып, түзету шаралары толығымен аяқталып, қабылданғанға дейін комплаенс мәселелері бойынша тексерістер жүргізу;

    8)            Қоғам Басқармасы/Директорлар кеңесі үшін комплаенс-тәуекелдердің мәртебесі туралы мерзімді шоғырландырылған есептерді, сондай-ақ орталықтандырылған комплаенс-бақылауларды дайындау;

    9)            Қоғамның Директорлар кеңесіне комплаенс-тәуекелдердің мәртебесі туралы, оның ішінде келіп түскен хабарламалар, тексерулердің мәртебесі және қабылданған шаралар туралы бастамашылық ақпараттандыру желісі бойынша ақпаратты қамтитын мерзімді (тоқсандық) есептерді ұсыну.