Компания туралы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Ауыл шаруашылығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 қарашадағы № 1777 қаулысына сәйкес 1999 жылы 28 желтоқсанда ауыл шаруашылығындағы басты мәселелердің бірі – техника паркін жаңарту мәселесін шешуде көмек көрсету мақсатында құрылған.
 
Қоғам «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің құрамына енеді. 
  
Қоғам акцияларының 100% «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-на тиесілі.
Өз кезегінде Холдингтің Жалғыз акционерінің функциясын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі атқарады. Қоғам өз қызметін Акционерлік қоғамдар туралы заңға және дүние жүзіндегі корпоративтік басқарудың ең үздік тәжірибесіне сәйкес жүзеге асырады. Қоғам Жалғыз акционердің мүддесінде қызмет атқарады, Жалғыз акционерге және Директорлар кеңесіне есеп беруге міндетті.

Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникасына және және технологиялық жабдыққа деген қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау.

Миссиясы. Сапалы да бәсекелі лизингтік қызмет көрсету арқылы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын жаңартуға жәрдемдесу. 

Пайымдауы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ – Қазақстанның лизинг нарығындағы инвестициялық тартымдылығы жоғары  ұлттық көшбасшы және агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарды жаңартудағы ең үздік серіктес.  

Қызмет түрлері. Жарғылық мақсаттарды іске асыру үшін, Қоғам келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) агроөнеркәсіптік кешендегі лизингтік қызмет;
2) несиелендіру және Қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін, заңнамалық актілермен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері;
3) республикалық бюджеттік бағдарламаларды және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған басқа да бағдарламаларды іске асыруға қатысу. 
Қазақстанның барлық аймақтарында компанияның 14 филиалы бар. Компанияның еншілес кәсіпорындары жоқ. 

Рейтингтерінің болуы. 2018 жылғы 20 сәуірде «Fitch Ratings» халықаралық рейтингтік агенттігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін (ЭДР) ВВ+ деңгейінде "Негативті" болжаммен растады.  

Акцияларының саны: 82 837 204. 

Бір акцияның атаулы құны: 1 000 теңге.

Қызметкерлер саны:433 
Қазақстан Республикасының банк заңнамасымен көзделген операцияларды ұлттық валютада жүргізуге Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің берген лицензиясы бар, оны 2006 жылғы 31 наурызда алған.

Сапа менеджменті жүйесі
Компанияда заманауи талаптарға жауап беретін нәтижелі сапа менеджменті жүйесінің құрылуы Қоғамның негізгі бизнес-процестерді дамытуға, оңтайландыруға және автоматтандыруға деген ішкі қажеттіліктері, сондай-ақ тұтынушылардың қанағаттанушылығының артуы себепші болды.
Сапа менеджменті жүйесін қолданудың мақсаты Қоғамның миссиясы мен сапа саласындағы саясатына сәйкес аграрлық сектордағы көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы Компанияның тұрақты бәсекелі артықшылықтарын қамтамасыз ету болып табылады.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ 2008 жылы стандартқа, ISO 9001:2008 сәйкес сапа менеджменті жүйесі бойынша сертификаттаудан ойдағыдай өткен.
2014 жылы Компания стандартқа, ISO 9001:2008 сәйкес, сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін және қолданылуын растап, қайта сертификаттаудан өткен, бұл сертификатпен расталған.
Компания банктік қарыз және лизингтік операцияларды жүзеге асыру саласында сапа менеджменті жүйесін тұрақты негізде сақтап, оны жақсартып отырады.

Сапа саласындағы саясаты (қарау)
Сапа саласындағы сертификаты (қарау)

Наградалары

«ҚазАгроҚаржы» АҚ өткен жылғы 8 млрд. теңге мөлшерінде 5-жылдық теңгелік облигацияларды шығару және орналастыру бойынша мәмілесін EMEA Finance «Еуропада, Таяу және Орта Шығыста әрі Африкада Облигациялардың Ұлттық Валютадағы Үздік Шығарылымы» санатында жеңімпаз деп таныған (“Best local currency bond in EMEA”).

Акциялардың саны мен атаулы құны туралы ақпарат

ЖАРИЯЛАНҒАН ЖАЙ АКЦИЯЛАРДЫҢ САНЫ: 82 837 204 акция
ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН ЖАЙ АКЦИЯЛАРДЫҢ САНЫ: 82 837 204 акция.
1 ЖАЙ АКЦИЯНЫҢ АТАУЛЫ ҚҰНЫ: 1 000 теңге.
1 АКЦИЯНЫ ОРНАЛАСТЫРУ БАҒАСЫ: 1 000 теңге.
ЭМИТЕНТТІҢ АКЦИЯЛАРЫНА АҚЫ ТӨЛЕУ ТӘСІЛІ: Эмитенттің акцияларына ақы ақшамен төленген.
ЭМИТЕНТТІҢ АКЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУДАН ТАРТЫЛҒАН АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ СОМАСЫ: 82 837 204 000 теңге.

2016 жылдың 30 қыркүйегіне жарияланған және төленген жай акциялардың жалпы саны 1.000 теңге орналастыру бағасы бойынша 82.837.204 дана құрады (2015 жылғы 31 желтоқсанда: 82.837.204 дана). Есепті кезең ішінде өзгерістер болған емес. Бір жай акцияның иесі бір дауысқа және дивиденд алуға деген тең құқыққа ие. Компанияның Жалғыз акционері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы болып табылады. ҚазАгроның түпкі меншік иесі Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ даму хронологиясы