8 (7172) 58-04-37

Call-center

Kz Ru En

Даму стратегиясы

«ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ 2017-2026 ЖЖ.

АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 2017-2026 жж. арналған даму стратегиясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 12 шешімімен бекітілген.

Кіріспе

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) «Ауыл шаруашылығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 қарашадағы № 1777 қаулысымен құрылған. Қоғам акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық ұйым болып табылады, жалғыз акционері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі – «ҚазАгро» холдингі» АҚ). Қазақстанның бүкіл аймақтарында Қоғамның 14 филиалы бар.

Қоғамның Даму стратегиясы Қоғамның 2017-2026 жылдар аралығындағы миссиясын, стратегиялық бағыттарын, даму мақсаттары мен міндеттерін, қызметінің түйінді көрсеткіштерін айқындайды.

Миссиясы, пайымдауы және стратегиялық бағыттары

Миссиясы. Сапалы да бәсекелі лизингтік қызметтер көрсету арқылы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы техникаларын және жабдықтарын жаңартуға жәрдемдесу.

Пайымдауы. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – Қазақстанның лизинг нарығындағы инвестициялық тартымдылығы жоғары ұлттық көшбасшы және агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілері үшін ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын жаңартуда ең жақсы серіктес.

Стратегиялық бағыттары

1.                Инвестициялық тартымдылықты арттыру.

Мақсаты: тәуекелдің жарамды деңгейі сақталған жағдайда қызмет табыстылығын арттыру арқылы Қоғамның ұзақ мерзімді акционерлік құнын ұлғайту.

Міндеттері:

 

  • Несие қоржынының сапасын көтеру

  •   Меншікті капиталы мен активтерінің пайдаланылу тиімділігін арттыру

  •   Банктерден және өзге де институционалдық инвесторлардан қарыз қаражаттарын тиімді тарту

ҚТК:

  •  ROA, %;

  •  ROE, %;

  •  NPL, %.

2.                Лизингтік қызметті жетілдіру және дамыту

Мақсаты: қазіргі бар клиенттердің бейілділігін арттыру және 2026 жылға қарай клиенттердің санын 1,5 есе көбейте отырып, жаңаларын тарту.

Міндеттері:

 

  • Клиенттер үшін көрсетілетін қызметтің қолжетімділігін арттыру

  •   Лизингтік қызметтің сапасын көтеру

  •   Қоғамның азық-түлік желісін ұлғайту және дамыту

ҚТК:

  •   Көрсетілетін қызметтің қазіргі пайдаланушылар саны, клиенттер бірл.;

  •   Ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтар лизингінің көлемі, жылына млрд.теңге;

  •   Көрсетілетін қызмет қолжетімділігінің және клиенттердің қанағаттанушылық деңгейі, %

Корпоративтік даму

Мақсаты: Қоғамның корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру және 2026 жылға қарай 91,5% рейтингін алу.

Міндеттері:

 

  • Корпоративтік басқару қағидаттарын сақтау

  •   Директорлар кеңесінің жұмыс тиімділігін арттыру және тәуелсіз директорлар институтын жетілдіру

  •   Басқарушы қызметкерлер сабақтастығын және Қоғам Басқармасы мен жұмыскерлерін нәтижелі бағалау жүйесін жоспарлау институтын дамыту

  •   Қоғам қызметінің ашықтығын арттыру

ҚТК:

 

  • Корпоративтік басқару деңгейі, %